Әлеуметтік желі қолданушылары әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің Ақтауда өткен концертіндегі әнін видеосын жаппай бөлісіп, мазақ етіп жатыр. Желі қолданушысы аталмыш видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды paryz.kz.
"Кетчуп пен нан деген қараңғы қазақтарға арналады. Димаш Ақтаудағы концертте "The story one sky" әнін орындады. Ол ән балалар өліміне қарсы жазылған ән. Оны біздің жабайы қазақтар күлкіге айналдыруда. Байқағаным кетчуп деп жазып жатқандардың дені мектеп оқушылары. Димаш Қазақстанда ешқашан бағаланған емес. Бұрын "шыңғыру өнер емес" деп күлген еді. Сол байқаудан кейін Димаш депрессияға түсіп, сахнадан кетуге шешім қабылдаған. Бірақ жақындарының қолдауының арқасында өзін бар әлемге дәлелдеді. Қытайда өткен байқаудан кейін дүниені аузына қаратты. Сол кезде ғана қазақтар біздің Димаш дей бастады. Сол байқауда айтқан әнді 300-400 млн қаралым жинаған. Солай Димашты әлем таныды", - деді желі қолданушысы.
Сонымен қатар, Димаштың Америкада концерт беріп толық зал жинағанын, 150 елде жанкүйері барын, Джеки Чанның өзі онымен кездесуді армандағанын және өзге елдегі қолдаушылары оның дауысын періштенің үніне балағанын жаза кетіп, қазақтардың деңгейін сынады.
"Қазақ тілінде ән айтпайды дейді. "Ұмытылмас күн" әнін шетелдіктер жатқа біледі. Димаш ол космос, оны ешқашан тойда жүретін Қайрат Нұртас сияқты адамдармен салыстыруға болмайды. Біздің қазақтың деңгейі "Көк жигулиден" аспай тұр. Димаш әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүрсе, біздің білімсіз жабайылар өз сасықтарын өздері айтып риза. Қолдамайсыңдар ма? Онда зияндарыңды тигізбеңдер!", - де түйіндеді ол.