Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

«Көзіне жас толып кетті»: Дана Нұржігіт туған күнде болған ыңғайсыз оқиғаны баяндады

Дана Нұржігіт ұлының туған күнінде болған оқиғаны еске алып, ата-аналарды ойлануға шақырды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Көзіне жас толып кетті»: Дана Нұржігіт туған күнде болған ыңғайсыз оқиғаны баяндады
фото: әлеуметтік желіден

Тележүргізушінің айтуынша баласы Әлім әкесінен көрген қарапайым сағатты «Kaspi-ден» туған күніне орай алғызған.

«Құны 27 мың теңге екен. Жақсы деп сыйлық жасадым. Туған күннен кейін сөз сөйлеп, тілек айтқан құрдас баласы бірнеше күннен кейін Әлімнің алдынан шығып, сағатын шешіп, «Сенің сағатың 27 мың, ал менікі қанша екенін білесің бе? 9 миллион! Әкем сыйлады» депті. Балам не айтарын білмеген», - деп жазды Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сен не дедің деген сұраққа «ол – неадекват» деп жауап беріпті.

«Бір қарасам, көзіне жас толып кеткен: «ал, менің әкем «Семей полигоны» туралы фильм жасаған, журналист, жазушы болған! Мамам қандай менің!» деп ызаға булығып отыр. Бала бәрін түсінеді, бәрін ұғады. 9 миллионға мен өзіме де сағат ала алмаймын. Алмаймын да! Мен ол категорияда ойлайтын адам емеспін. Мүмкін заманнан қалып қойған да шығармын. Бірақ аш адамның алдында, ұртым май-май болып, кекіріп отырып, пәлсәпа соғып, ақыл айтпаймын. Осыны ұқтыратын ата-аналар, қайдасыңдар?», - деп түйіндеді ол.