Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Әлемдегі бай адамның бірі жиған-тергенін қайда қалдыратынын айтты

Microsoft компаниясының негізін қалаушы, мультимиллиардер Билл Гейтс балаларына қандай мұра қалдыратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Page Six басылымына сілтеме жасап.

Әлемдегі бай адамның бірі жиған-тергенін қайда қалдыратынын айтты

Жуырда Гейтс үнді блогері Радж Шаманиға сұхбат берген. Әңгіме барысында түрлі мәдени дәстүрлер сөз болды. Шамани Үндістанда ата-аналар балаларына мүмкіндігінше көп ақша жинауға тырысатынын және қайырымдылыққа сирек қаражат бөлетінін айтқан.

Бұл пікірге жауап ретінде Гейтс өзінің байлығының көп бөлігін балаларына қалдырмайтынын мәлімдеді.

Менің балаларым жақсы тәрбие мен білім алды, алайда олардың әрқайсысына менің байлығымның бір пайызынан да аз үлесі тиеді. Себебі мен мұның оларға пайдасынан гөрі зияны көп болатынына сенемін. Біз әулет емеспіз. Мен олардан Microsoft-ты басқаруды сұрап отырған жоқпын, - деді Билл Гейтс. 69 жастағы Билл Гейтстің бұрынғы әйелі Мелиндамен бірге үш баласы бар: 

28 жастағы Дженнифер, 25 жастағы Рори және 22 жастағы Фиби.

Page Six басылымының жазуынша, қазіргі уақытта Гейтстің байлығы шамамен 101 миллиард долларға жетеді.

Оның бір пайызының өзі 1 миллиард доллардан астам. Мен балаларымның өз табысын, өз жетістігін өз күшімен табуына мүмкіндік бергім келеді. Олар менің өмірімдегі керемет сәттілік пен байлықтың көлеңкесінде қалмай, өз өмір жолын тапса деймін, - дейді Гейтс.