Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Магнумдағы дау: Елді дүрліктірген екі жігіт татуласты

Қоғамда қызу талқыланған курьер мен тапсырыс берушінің арасындағы дау аяқталды. Курьер Еркін мен тапсырыс беруші Асылхан татуласып, арасындағы түсінбестікке нүкте қойды, деп хабарлайды paryz.kz.

Магнумдағы дау: Елді дүрліктірген екі жігіт татуласты
фото: видеодан скриншот

«Соңғы күндері мені және Магнумды әлеуметтік желіде көп талқылап жатыр. Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет. Өмір болғаннан кейін түсінбеушілік болатыны рас. Бірақ біз бәріміз қазақпыз. Елімізге тыныштық пен татулық керек. Біз кездесіп, татуласып, қол алыстық», – деп атап өтті курьер Еркін.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ол Магнумда жұмысын жалғастырып жатыр.

«Барлығы жақсы, жұмыс берушіге ешқандай шағым жоқ. Осылайша мәселені шешіп, тоқтасақ деймін. Бәріміз бір қазақпыз. Үлкен рақмет», – деді Еркін. Ал Асылхан өз кезегінде осындай жағдайдың болғанына өкінетінін білдірді. «Мұндай жағдайдың болғаны өкінішті. Қатемізді түсіндік. Ал екеуіміздің бір-бірімізге ешқандай өкпе-ренішіміз жоқ. Баршыңызға рақмет», - деп айтты ол.