Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Бишімбаевтар қайдан пайда болады? - психосоматик Асылзат Арыстанбек себебін түсіндірді

Ақын, психосоматик Асылзат Арыстанбек Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында Бишімбаев синдромы неден пайда болатынын айтты.

Бишімбаевтар қайдан пайда болады? - психосоматик Асылзат Арыстанбек себебін түсіндірді
фото: видеодан скриншот

«Бишімбаевтың ауыр қылмысқа барғанын мамандар әртүрлі талдады. Нумерологтар да туған жылын есептеп, ойларын айтты. Бишімбаев интеллигент отбасынан шыққан, министр дәрежесіне дейін көтерілген, шетелде оқыған, білімді азамат. Былай қарасаң, ондай адамнан бұзықтық шығады деп ойламайсың. Бірақ неге оның ішінде агресссия бар. Ішімдік ішкенде шығады. Оны сондай қалыпқа салған. Ата-аналар балаларының жасөспірім кезеңінде қатты қорқады. Бұзылып кете ме, ұрлық жасай ма деген үреймен балаларға көп тыйым салады. Олар оқығысы келмейтін, қызығушылығы жоқ үйірме-курстарға береді, сабақтан бас алғызбай оқытады. Ал бала бала болып ойнау керек. «Ойыны қанбаған бала әулие болмайды» деген қазақт

ың сөзі тектен-тек айтылмаған. Сондықтан балалық қылып, қателік жасау да керек. Бұл кезеңнен осы деңгейде өтпесе, өмірінің басқа бір кезеңінде өтуге тура келеді. Қайталап өткенде өте қауіпті болады. Мұны Бишімбаевтың жағдайынан көруге болады. Мысалы, біздің заманда балалар ауылда суға түсіп, үсті-басы батпақ болып, есекке мініп, көршінің бақшасынан қауын ұрлап жүретін еді. Осы кезеңді кешпеген балалар көп жағдайда кейін біреудің вагонына, үйіне ұрлыққа түседі, не лудоман болады. Қазір 40 жас шамасындағы ешқандай жауапкершілік алмайтын, арақ ішетін, әйелқұмар ер азаматтар бар, олар да 90 жылдары балалығын құрбан еткендер, күнкөріс үшін шешесімен бірге ала дорба арқалағандар. Болашақта өтетін кезеңді балалық шақта көріп-біліп тастаған, ал балалық шағындағы кеңістікті психологиялық тұрғыда 40 жасында толтыруға мәжбүр болып отыр. Телефон құшақтап жатады, қыздарға қылмыңдайды деген сияқты», - дейді психосоматик. 

Асылзат Арыстанбек ата-аналар балаларына көп тыйым жасай берудің қажеті жоқ.

«Ата-аналарға айтарымыз, бала ойнасын, тыя берудің қажеті жоқ. Бұл таңнан кешке дейін ойнай берсін деген сөз емес. Баланс сақтап отыру керек әрине. Ата-анадан талап етілетіні – баланы қолдау және қорғау ғана. Қалған жағдайдан бала табиғи, инстинкті түрде өз жолымен өтеді. Бала өзінің жүріс-тұрысынан, қателігінен сабақ алып үйрену керек. Ал ата-ана қажет кезінде бағыт беріп, сабырлық, білімділік таныту керек. Баланың балалығын ұрламау керек, әйтпесе әке-шешесіне сор болады өскенде», - деді ол.