Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

«Жарты жыл өмірі қалды, көмек қажет!»: Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертке шалдыққан

Журналист Жанар Қанафина белгілі актер, әйгілі "Менің атым Қожа" фильмінде Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың дертке шалдыққанын және оның халі мүшкіл екенін жеткізді. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Жарты жыл өмірі қалды, көмек қажет!»: Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертке шалдыққан
фото: әлеуметтік желіден

"Балалық шағымыздың кейіпкері "Менің атым Қожадағы" Қожа, яғни оның рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертке шалдықты. 4-дәрежелі өкпенің созылмалы обструктивті ауруы. Оның сөзінше, дәрігерлер жарты жыл өмірі қалды депті.

Қазір Нұрлан Санжарұлына қаржылай көмек қатты қажет. Емі мен жұмыстарын аяқтау үшін. Ол журфакта сабақ берген. Бірақ қазір ауруы себепті жұмыс істемейді. Жалпы 75 жасында тыныс алу аппаратына тәулігіне 14 сағат бойы тәуелді онда қандай жұмыс болсын?! Дертіне қарамастан Нұрлан аға маған Нұрғиса Тілендиев туралы сұқбат берді", - деп жазды ол.