Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

«Енді Жазушылар одағына мүше болудың ешқандай мәні жоқ» - Асылзат Арыстанбек

Ақын, психосоматик Асылзат Арыстанбек Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында әлі күнге дейін неге Қазақстан Жазушылар одағына мүше болмағанын түсіндірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Енді Жазушылар одағына мүше болудың ешқандай мәні жоқ» - Асылзат Арыстанбек
фото: видеодан скриншот

«Рас, Жазушылар одағына мүше емеспін. Олар да одаққа мүше бола ғой деп құшағын аша қойған жоқ. Мен де одақ мүшелігіне өткізе қойыңдар деп бара қоймадым. Бар себебі осы. Енді ол одаққа мүше болудың ешқандай мәні жоқ шығар деп ойлаймын. Өйткені, екі сөздің басын құрап өлең жазып жүрген, әлі мықты ақын бола қоймаған, екі-үш кітап шығарған балалардан кейін одаққа қабылданып жатудың өзі ұят шығар. Менде ондай зәрулік жоқ. Ал одаққа өте алмауыма оппозициялық өлеңдерімнің ықпалы болды ма, басқа себебі болды ма, білмеймін», - деді ол.

Асылзат Арыстанбек өзін мықты ақындардың қатарына жатқызатынын айтты.

«Мен өзімді жақсы, мықты ақындардың қатарына қосам. Әлі сол деңгейімнен түскен жоқпын. Амбициясы ұрып тұр екен, «самооценкасы» күшті екен деп ойлай беріңіз. Жазарым көп, жазып жатырмын. Аттан түскен жоқпын. Бірақ Жазушылар одағы осы мықты ақын еді ғой, қайда жүр деп қоғамда үні бар адамды іздемей отырса, мен ол үшін жауап бере алмаймын», - деді ақын.