Желіде Асанәлі Әшімовтің әйелі Бағдат Әшімованың Францияның Кан қаласынан түсірген видеосы тарады, — деп хабарлайды paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
TikTok желісінде тараған видеоға сүйенсек, Асанәлі Әшімова жарымен шетелде демалып жүр.
«Барлығыңды Франция елінен мерекемен құттықтаймын. Міне, Асекең екеуміз балконда виски ішіп отырмыз. Асекеңнің арқасында барлық жер-шарын араладым. Асеке, сізге күйеуге шыққаным қандай жақсы болған? Мына жерде теңіз бар, айналамыздың бәрі толған дүкен. Бәріңе сәлем!», — деді видеода Бағдат Әшімова.
Желі қолданушылары аталмыш видеоаға қатысты түрлі пікір қалдырды.
«Ұят-ай, күйеуге шықпасаң мұндай жерлерді көрмеуші едің! Ақылы аздау ма? Көкеміз ыңғайсызданып қалды», «Шалды сүйреп өлтіретін болды ғой», «Этика жоқ», «Ел алдында орамал тағып күшті әйел бола қалады. Виски ішіп отырмыз дегені қалай кетті», «Сырты әдемі болмағанымен ішкі дүниесі келте екен», «Есеппен тидім деп бүкіл әлемге айтып отыр ма», «Мына әйел шындығын айтып қойды ғой», — деп жазды жұрт.