16 жастағы Шерзат Полаттың (Болат) өліміне қатысты ашық сот отырысы Талдықорған қаласында өтеді, деп хабарлайды paryz.kz.
Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Іс бойынша алдын ала тыңдау 2025 жылы 10 сәуір 12:00-де Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаблиса жырау көшесінде өтеді. Ашық сот отырысын өткізу №65 мекенжайында орналасқан Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында тағайындалды», - дейді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.