Елімізге белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Айтуынша, актрисаға Сексенбаев Мұратбек есімді дәрігер аяқтан тұруға себепші болған.
«Мұратжан, рақмет. Ауырып, жүре алмай қоштасып келіп едім. Жүре алмаймын деп те ойлағанмын. Мұрат жүргізіп жіберді.
Жатып алып сөйледі демеңіздер, осылай жата тұру керек екен. Шыдай алмай жақсарғаныммен бөлісіп жатырмын. Жақсы болып қалдым. Қолың дерт көрмесін, Алла разы болсын!», дейді ол видеода.