Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

«Билікті Дариғаға береді»: Ринат Зайытов қатерлі жоспар туралы айтты

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында 1990 жылдары құрылған қатерлі жоспар туралы айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Билікті Дариғаға береді»: Ринат Зайытов қатерлі жоспар туралы айтты
фото: видеодан скриншот

«Бір қызық айтайын. 2015 жылы кезінде өте ықпалды саясаткер болған, билікте жұмыс істеген, кейін Назарбаевтың репрессиясына ұшыраған азаматтың үйінде қонақта болдым. Әңгімелесіп, сөйлесіп отырғанда ол «2019 жылы Назарбаев кетеді» деді. «Оның орнына бір жылға ма, екі жылға ма, бір адам келе тұрады. Сосын билікті Дариғаға береді. Ал ол билікті 2022 жылы Ресейге береді» деді. Мен «қой, мұндай болу мүмкін емес» дедім сол кезде. Ойлаңыз енді. 2022 жылы Қаңтар оқиғасы болған кезде мені қатты үрейлендірген осы әңгіме болды. Есіме түсті де бәрі, тәуелсіздігімізден айрылып қаламыз ба екен деген уайым басты. Содан сұраймын ғой сол кісіден «мұны қайдан білесіз, саясаттан кеткеніңізге біраз болды ғой» деп. Ол «бұл 1990 жылдары құрылған жоспар ғой» деді», - деді депутат.

Зайытовтың ойынша, сол жоспар іске аспай қалды.

«Менің саясатқа келуімнің де, қазір жанталасып жұмыс істеп жүруімнің де бір себебі сол, сол жоспар іске аспай қалды деп ойлаймын. Іске аспай қалғанына тәуба. Енді тәуелсіздік жолында бұрқыратып қарекет қылу керек», - деді Ринат Рифхатұлы.