Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

«Тоқаевтың жанында отырып, сөйлесуге «духым» жеткен жоқ» – Назым Қызайбай

Бокстан әлемнің үш дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Тоқаевтың жанында отырып, сөйлесуге «духым» жеткен жоқ» – Назым Қызайбай
фото: akorda.kz

Боксшы Наурыз мейрамына орай Астанада өткен мерекелік іс-шараға қатысты.

Ол «Қызық Times» бағдарламасына қатысып, президентпен кездесуі жайлы ой бөлісті.

«Наурызға қарсы мерекелік іс-шара өтті. Сол жерге шақырған болатын. Сол жерде президенттің жанында отырдым. Біз үшін бұл үлкен мәртебе ғой. Қуаныштымыз», - дейді әлем чемпионы. 

Жүргізушілер осы тұста «президентпен әңгімелестіңіз бе?» деген сауалын қойды.

«Өзім енді сөйлеспеймін ғой, біртүрлі болады ғой. Тыныш, түзу отырасың ғой. Негізгі керемет көңіл күйде болдық. Концерт барысында сөйлесті. Ал енді өзім сөйлесуге «духым» жетпей тұрды ғой. Жарыс қалай өткені, алдағы мақсаттар туралы сұрады. Құттықтады. Әлем чемпионы болғанда интернет желісінде жариялап құттықтады. Керемет сезім», - деді Назым Қызайбай.