Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің қайда жүргені белгілі болды

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда көзге түсті, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің қайда жүргені белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы bakordamems Instagram парақшасы жариялады.

“Алматының бұрынғы әкімі Байбек қазір Жапонияда жүр. Сакураның гүлдеген сәтін көруге келіпті. Сіздерді әлі де хабардар етіп отырамын”, – деп жазды ол. 

Instagram парақшада жарияланған жазбаға желі қолданушылары да түрлі пікірлерін қалдырды.

“Сенімді ақпарат көздеріне сүйенсек, Байбектің онда тұрып жатқанына 1 жылдан асты”, “Бақытты адам. Қалдасында ақшасы бар, сол үшін елден кетті”, “Сыртта жүріп қартайып қалыпты. Жүзі жапондарға ұқсайды”, – деп жазды олар.