Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елімізде халықтың кедейлік деңгейі 4,6 пайызға артып кетті

Бұл - 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, 0,8 пайызға көп.

Елімізде халықтың кедейлік деңгейі 4,6 пайызға артып кетті
фото: ашық дереккөз

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2020 жылдың 4-тоқсанындағы Қазақстан халқының табысы мен шығыстары бойынша статистиканы ұсынды, деп хабарлады paryz.kz.

2020 жылғы 4-тоқсанда үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 4,6% болды. Бұл - 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, 0,8 пайызға көп.

2020 жылғы 4-тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (10,3%), Солтүстік Қазақстан (5,8%) және Маңғыстау (5,7%) облыстарында тіркелген. Ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,5%).