Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

ҰҚК Қазақстан туымен суретке түскен никабтағы қыздарды іздестіріп жатыр

Атырау  мұз айдынында никаб киген төрт қыз арапша жазуы бар Қазақстан туымен суретке түсті. Бұл кадрлар әлеуметтік желілерде тез таралып, қоғамдық резонанс тудырды, деп хабарлайды paryz.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ҰҚК Қазақстан туымен суретке түскен никабтағы қыздарды іздестіріп жатыр
фото: orda.kz

Әлеуметтік желі қолданушылары мұны мемлекеттік рәмізді қорлау деп бағалады. Кейбіреулер мұндай әрекеттерге құқық қорғау органдарының неге назар аудармай отырғанын сұрауда, себебі туды қорлағаны үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Қазіргі уақытта ресми органдар ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Алайда Orda.kz мәліметінше, ҰҚК мен Атырау облысының полиция департаменті бірлескен тексеру жүргізуде.

«Қазір қыздарды іздестіріп жатыр. Мұз сарайының бақылау камералары тексерілуде. Сондай-ақ, даулы тудың Instagram дүкенінен сатып алынғаны анықталды», – деп хабарлады Orda.kz-ке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.