Қызылорда облысында 2 бала суға батып кетті

Жергілікті уақытпен сағат 12:55-те ауыл тұрғындарының күшімен мәйіттер судан (киімдерімен) шығарылған.

Қызылорда облысында 2 бала суға батып кетті

18 наурызда Қызылорда облысында екі бала көлге батып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

18 наурызда жергілікті уақытпен сағат 13:05-те Қызылорда облысы ТЖД-ға Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Н.Бекежанов көшесі №112, жеке тұрғын үйдің жанындағы «Сүйіндік» көлінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылы туған (қыз) және 2013 жылы туған (ұл) мұз астына түсіп кеткені туралы ақпарат жеткен (үйден 30 метр қашықтықта, ұзындығы - 2 шақырым, ені - 300 метр (кейбір жерлерде 5 метр), тереңдігі - 1,5 метр, мұздың қалыңдығы 3-4 см).

Оқиға орнына барған Шиелі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Ә.Нұрмантаев пен инженер Н.Мұсахан балалардың көл маңында ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды.

Жергілікті уақытпен сағат 12:55-те ауыл тұрғындарының күшімен мәйіттер судан (киімдерімен) шығарылған. «Сүйіндік» көліндегі балалар батып кеткен жердің ені 5 метр, тереңдігі - шамамен 1,5 метр. Бетінде 3-4 с. мұз қатқан.