Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

«Түрі таныс болды»: Әнші Рамазан Стамғазиев «таксист» болып жүр

Белгілі әнші Рамазан Стамғазиев Алматы көшелерінде таксист болып жүр, деп хабарлайды paryz.kz.

«Түрі таныс болды»: Әнші Рамазан Стамғазиев «таксист» болып жүр
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Кисиков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 "Көктөбеге дейін жаяу көтерілейін дедім. Бірақ орта жолда шаршап, такси тоқтаптақ болып, қолымды көтергенім сол еді, қымбат көлік тоқтады. Ішімнен “рақмет саған, мейірімді адам” дедім. Жүргізушінің де түрі таныс болып көрінді, бірақ кім екенін есіме түсіре алмадым. Кейіннен достарым бұл Рамазан Стамғазиев екенін айтты. Көлікте отырғанымда кім екені есіме түспегені өкінішті. Себебі ол менің анамның сүйікті әншісі еді. Сол үшін әндері жиналған дисктерді жинап, кейбірін интернеттен жүктейтін кездерім де болған еді", - дейді Кисиков.