Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

12 жастағы жасөспіріммен отбасы құрған ер адам темір торға тоғытылды

Тәжікстан заңдарына сәйкес, бойжеткен 18 жасқа толғаннан кейін ғана тұрмысқа шыға алады.

12 жастағы жасөспіріммен отбасы құрған ер адам темір торға тоғытылды
Фото: дереккөз

Душанбенің Сино аудандық соты 12 жастағы жасөспіріммен неке қиған 46 жастағы Давлатманд Касиров атты жергілікті тұрғынды үш жылға түрмеге қамады, деп жазады centralasian.org.

Сотта қыздың құқығын қорғаған "Құқықтық бастама" қоғамдық ұйымының адвокаты айыпталушы "Жасы кәмелетке толмаған қызға азғындық әрекеттер жасау" бабы бойынша кінәлі деп танылғанын білдірді.

Касировтың жақындары сотта "ол қызбен жыныстық қатынасқа бармағанын", үкімге қарсы екенін айтқанын жеткізді. Оның адвокаты сот шешіміне қарсы шағым беретінін айтқан.

Былтыр тамызда Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Давлатманд Касиров 12 жастағы қызды алдап, әке-шешесіне айтпастан некесін қиғанын хабарлаған. Тәжікстан заңдарына сәйкес, бойжеткен 18 жасқа толғаннан кейін ғана тұрмысқа шыға алады.