Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

34 жастағы адам мәйітханада «тіріліп» кетті

Әзербайжанның Жалилабад қаласында мәйітханаға жеткізілген ер адам тірі боп шықты. 1991 жылы туған ер адам өлмеген, тек комаға түскені анықталған, деп хабарлайды paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

34 жастағы адам мәйітханада «тіріліп» кетті
Фото: report.az

Жалилабад ауданы Тахирли ауылының 1991 жылғы тұрғыны өз үйінде жансыз күйде табылған. Оны бақилық болды деп таныған дәрігерлер Сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия бірлестігінің аудандық бөлімшесіне жеткізген.

Алайда мекемеде оның тірі екенін, тек комаға түскенін анықтаған. Ер адамды тез арада Дажилабад аудандық орталық ауруханасына жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған. Оған "механикалық асфиксия" диагнозы қойылған. Қажетті көмек көрсетіліп, қазіргі таңда ер адамның жағдайы ауыр тұрақты деп бағаланып отыр.