Эмбер Кавано есімді әйел инсульттан кейін о дүниеге барып, өмірге қайта оралғанын айтады, деп хабарлайды paryz.kz.
2021 жылдың желтоқсанында Кавано қатарынан екі инсультты бастан өткерген.
Оқиға орнына келген дәрігерлер оның миына ауыр зақым келгенін көріп, шарасыздық танытқан. Десе де жедел түрде арнайы ауруханаға тікұшақпен жеткізген.
Каваноның айтуынша, дәл сол тікұшақта оның о дүниеге сапары басталған. Әйелдің айтуынша, ол күн сәулесі мол түсіп тұрған гүлдер бағына тап болған.
Сол жерде оның үй жануарлары мен жақын адамдары жүрген. Өзі болса, шамамен 25 жастағы кейіпке енген – денесінде ешқандай тыртық та, қартаю белгілері де болмаған.
«Шөптің үстінде тұрып, бүкіоін сезіндім: әрбір өсімдікті, әрбір шөп сабағын, әрбір су тамшысын, әр молекуланы; бәрі Құдайдың нұрымен жарқырап тұрды», – деп сипаттады Кавано о дүниені.