«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің басқару органдары мен әскери бөлімдері тартылды.
Дайындық жоспарына сәйкес Қарулы күштерде «Алдаспан-2020» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды.
Әскер оқу-жаттығу дабылымен көтеріліп, штаттық техникамен Жамбыл облысында орналасқан «Мәтібұлақ» полигонына барды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінң баспасөз қызметі. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау болып табылады. Әскери маневрлер ауданына келген әскерлер тобы, жергілікті жерді барлауды жүзеге асыруы, оқу-жаттығу жауынгерлік міндетін алуы, шартты қарсыласты анықтауы, сондай-ақ дағдарыс ауданында тұрақтылықты қалпына келтіру бойынша арнайы операция жүргізуі тиіс.
Оқу-жаттығудың ерекшелігі қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар тәжірибесін енгізу болып табылады. Басқару органдары, штабтар, классикалық шешім қабылдаудын айырмашылығынан басқа, тез өзгеретін жағдайды ескере отырып, бөлімшелердің міндеттерін нақтылап, күн сайын жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлайды. Бұл қол жетімді күштер мен құралдарды тиімді пайдалануға, материалдық ресурстарды үнемдеуге және адам ресурстарын қорғауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресте өзінің тиімділігін көрсеткен танк бөлімшелері мен әскери авиация күштерін қолданудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану жоспарлануда.
Оқу-жаттығу 23 қыркүйекке дейін жалғасады.