Әлеуметтік желіде 80 ді еңселеп қалған ұлы, 100 жасар мамасына еркелеген видеосы көпшіліктің ықыласына бөленді деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Видеоны ең жақыныңа жібер. Бірге осылай мамаңыздың 100 жасын тойлау нәсіп етсін. 5 мезгіл намазын қаза қылмаған апам менің, бізді жақсы тәрбиеледі. Отбасымызда бәріміз тура жолдамыз шүкір, баласын ғұсылсыз емізбеген аппақ әжемнің тәрбиесі», - деп жазды желі қолданушысы.
Видеоның алтына желі қолданушылары қарияларға ыстық ықыласын білдіріп, тілектерін жаудырды.
«Қандай бақытты жандар маған жұғысты болсыншы менде бала шағаммен осылай отыруды жазсын, Әмин! Құдай маған да осылай балдарыммен осылай отыруымды нәсіп етсін, әумин! Көріп бір жылап алдымғои меніңде Анашым осылаи жургенде ғой деп», деп жазды желі қолданушылары.