Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Мені сынап, жаман сөз айтып жатыр: Мұса Әбдірайым халыққа ренішін білдірді

Алматы әуежайының қызметкерін қарулы ер адамнан құтқарып қалған Мұса Әбдірайым қазақстандықтардың  айыптауына жауап берді. Бұл туралы Paryz.kz Stan.kz  сайтына сілтеп.

Мені сынап, жаман сөз айтып жатыр: Мұса Әбдірайым халыққа ренішін білдірді
фото: әлеуметтік желіден

Бұған дейін Алматы әуежайында болған оқиғаны көпілік қойылым, Тасмағамбетовтің мәлімдемесіне орай ұйымдастырылған спектакль деп атады. Ал қызметкерді құтқарып қалған азамат Мұса Әбдірайым қоғамның сыны мен қолдауын бірдей қабылдайтынын айтты.

"Бұл оқиға туралы әркім әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі шексіз алғысын жеткізсе, енді бірі сынап, жағымсыз сөздер айтып отыр. Алла бәрін көріп тұр. Көптің аузына қақпақ бола алмайсың. Кім не айтқысы келсе, соны айтсын", – деді Мұса Әбдірайым. Ол шындықтың өз жағында екенін, біреуді сендіруге тырыспайтынын жеткізді. 

Сондай-ақ ол Тоқаев табыстаған марапат туралы сөз қозғады. Ол өзін батыр деп санамайтынын, сол сәтте қызды құтқаруды ғана ойлағанын жеткізді.

"Қыздың тезірек босап шыққанын қаладым. Оны жібергенін көргенде, иығымнан жүк түскендей болды. Қатты қуандым. Ол кезде жарақат аламын-ау деп те ойламадым", – дейді ол. 

Мұса сынды сабырмен қабылдап, адамдардың даттаушылар мен мақтаушылар болып екіге бөлінетінін айтты. Ол үшін ең маңыздысы – аман қалған әуежай қызметкерінің өмірі.