Кәсіпкер әрі блогер Алмасбек Батыр 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай клинингтік компанияларда еңбек ететін әйелдерге ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Батырдың айтуынша, олар 20 клининг қызметкерін үйге шақырған, бірақ мерекелік кешкі асқа емес, әйелдер жұмысқа келдік деп ойлаған. Алайда есіктің алдында оларды гүл шоқтарымен қарсы алып, Рамазан айының құрметіне жайылған қайырымдылық ауызашар дастарханына шақырғанда әйелдер таң-тамаша болған.
«Олардың арасында мұғалімдер, дәрігерлер және өз саласының білікті мамандары бар. Олар отбасын асырау үшін клинингпен айналысады. Бұл – нағыз ерлік, осындай әйелдердің еңбегі құрметке лайық!» – деді Батыр.
Әйелдердің бірі гүл шоғын алған кезде көзіне жас алды. Ол өмірінде бірінші рет гүл алғанын мойындады. Мерекелік кеш соңында барлық қызметкерге сыйлық ретінде 20 мың теңгеден табысталды.
Алмасбек Батыр әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтап, олардың еңбегі мен қайсарлығы лайықты құрметке ие болуы керектігін атап өтті.