Танымал әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдызды қашан ұзататынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz SN.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі қызының бақытты болғанын қалайтынын жасырмады.
“Күйеу баланың анасы дүниеден өтіп, сондай жағдай болып жатыр. Осы күнге дейін балалардың тірлігіне араласқан емеспін. Бәрін өздері шешеді. Екеуінің де жасы 30-дан асты. Оқыған, көзі ашық ересек адамдар. Табыстары да бар. Өз ісінің мамандары. Клубта қаңғырып жүрген жоқ. Күйеу балам Сәкенге де ақырындап бауыр басып келемін”, – деді әнші.
Одан кейін болашақ күйеу баласының сыртқы келбетіне тиісетіндерге де ескерту жасады.
“Сәкеннің шашын көріп, халық “Дударбас” деп мазақтайды. Әңгіме қылып, күледі. Маған соның шашының бұйралығы ұнайды. Айжұлдыз бейсаналы түрде осы жігітті өзінің жағына ұқсатып таңдаған. Менің енемнің шашы саусақ кірмейтін тасбұйра болды. Қайынсіңлілерімнің де шашы сондай. Назар аумаған – Айжұлдыздың әкесі. Назар жасқа толғанда 90 жастағы енем келіп, “Өлгенім тірілгендей күйде отырмын. Адайбектің көшірмесі екен” деді. Қан тартып, жібермейді екен”, – деді өнер иесі.