Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы жаңа баспанаға ие болды. Олар қиын кезеңде қолдау көрсеткен қазақстандықтарға шексіз алғыс айтты, – деп хабарлайды Paryz.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл қуанышты жаңалықты қоғам белсендісі Дінмұхамед Қаматай әлеуметтік желіде бөлісті.
"Бұл үй тек баспана ғана емес, ол – жаңа өмірдің бастауы. Алты баланың анасы Перизаттың өміріне сенім сыйлаған барша жанашыр азаматтарға алғысымыз шексіз. Қиын сәтте қолдау көрсету – әрқайсымыз үшін маңызды. Біз бұл отбасының жалғыз еместігін көрсеткіміз келді," – деді ол.
Өз кезегінде Перизат Нұрымова да барша жанашыр жандарға ризашылығын білдірді.
"Үлес қосып, бізге көмектескен барша халыққа алғыс айтамын," – деді ол.