Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Блогер көпбалалы отбасыға 250 млн теңгенің үйін сыйлады

Белгілі қазақстандық блогер Аида Серікова Алматының төрінен көпбалалы отбасыға 250 миллион теңгенің коттеджін сыйлады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Блогер көпбалалы отбасыға 250 млн теңгенің үйін сыйлады
фото: видеодан скриншот

"Бір Алланың қалауымен Алматыдағы 250.000.000-дық коттедж - 6 баланың анасы Ардақ тәтеге бұйырыпты. Аллаға сансыз Шүкір! Осылайша бүгін үйді табыстадық. Жақындары, туыстары сенер-сенбес болып жатыр. Шыныменде бүгін бұл кісілер үшін - бүгінгі күн түс секілді. ИншаАллаһ енді осы үйде өніп өсуін нәсіп етсін! Әдемі тілегімен ерекшеленген жандарға шашуым болады. Шынайы қуана білген оқырмандарыма менен шашу болсын. Ал, нағыз тілек осындай болу керек деп жүректен шыққан сөздеріңізді жазып кетіңіз", - деп жазды блогер.

Сондай-ақ, ол көпбалалы ана мен оның жолдасына өзгеріс жасап, туыстарын тәнті етті.

 "Көздеріндегі, жүздеріндегі қуанышты көріп, тек Шүкір ете бердім. Аллаһыма сансыз Шүкір", - деді ол.