Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Байларыңызды байлап ұстаңыздар»: Әнару Құрманәлі тағы да елді шулатты

Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Құрманәлі тағы да елдің назарына ілікті. Ол әлеуметтік желіде өзін отбасылы ер адамдардың мазалайтынын айтып, әйелдеріне шүйлікті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Байларыңызды байлап ұстаңыздар»: Әнару Құрманәлі тағы да елді шулатты
фото: әлеуметтік желіден

Әнару Құрманәлі әйелдерге жолдастарына дұрыс қарамайтынын айтып, сын тақты.

«Маған әрдайым әйелі бар еркектер келеді, ал олардың әйелдері маған хат жазып, кінәлап жатады. Мүмкін, менің тазалығым мен сиқырлы күшім тартатын шығар. Байларыңызды жақсылап арқандап, байлап ұстаңыздар! Өз арсыздықтарыңызды менен көрмеңіздер. Егер сендер таза, адал әйел болсаңдар, күйеулерің басқа жақтан «ақ, таза» қыз іздемес еді», – деп жазды ол. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі «Бұл – қақпан. Әйелі сізге әдейі жала жабу үшін ұйымдастырып отырған болуы мүмкін» деген пікір қалдырды. Әнару бұл пікірмен келісетінін, сондай-ақ әлгі әйелден көп қорлық көргенін жасырмады.

 «Иә, мүмкін. Ол әйелден көрмеген қорлығым жоқ. Мүмкін, солай шығар. Ол әйелге Алла төреші болсын», – деп жазды ол.

Айта кетейік, осыған дейін Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені, кейін жала жапқаны үшін боксшының өзі оның үстінен арыз жазғаны хабарланған болатын.