Трансгендер Амилай желідегі парақшасында хиджаб киіп видео жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оған оқырманы оразаға қатысты «Ұстағаныңнан не қайыр? Бәрібір жаратылысыңа қарсы шығып тұрсың» деп жазған.
«Ұнамаймын ба не үшін маған жазылып, мені қарап жүрсіңдер? Нағыз еркектерге барыңдаршы. Еркек көргілерің келсе, соларға жоғалыңдар. Қанымды ішіп болдыңдар. Осыдан кейін қалай ішпейсің?», — дейді ол.
Сонымен қатар ол боқтамай, тәрбиелі болу керек екенін айтты. Егер хиджабтағы Амилай ұнап жатса, күн сайын солай жүретінін жеткізді. Алайда трансгендердің бұл әрекеті көпшілікке жақпай қалды.
«Сотқа беріңдер, арыздану керек исламға кір келтіру, құрметсіздік», «Қамшыны тұзға салып осып-осып алсаң», «Не істерін білмей адасып жүр», «Неге орамалған осынша жеңіл қарайсыңдар», — деп жазды желі қолданушылары.