Абай облысында босану кезінде сәбиімен бірге көз жұмған 34 жастағы әйелдің өлімінің себебі анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Сарапшылардың жасаған қорытындысына сәйкес, дәрігерлер әйелге дәріні дұрыс екпегендіктен соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.
«Қара жамылған отбасы кінәлілердің жазаланғанын қалайды. Әйелім мен баламның өлімінің сараптама нәтижесі шықты. Сараптама осы аурухана дәрігерлерінің кінәлі екенін көрсетті. Әйелімнің тамырына зақым келген. Бұған дейін оның денсаулығында еш кінәрат болмаған. Ол дәрігерлердің қатаң жазаланғанын қалаймын», - дейді Үржар ауданының тұрғыны Ұлан Балапанов.