Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ұлттық компания менеджерлерінің фитнесі мен санаторийіне 40 млн теңге жұмсаған

Дегенмен тендер мәселесін реттейтін құжатты бірінші оқылымда мақұлдаған депутаттар квазимемлекеттік сектордағы былықтар жойылып, жағдайдың өзгеретініне сенімді.

Ұлттық компания менеджерлерінің фитнесі мен санаторийіне 40 млн теңге жұмсаған
фото: ашық дереккөз

Ұлттық компания менеджерлерінің фитнесі мен санаторийі де бюджеттің мойнында. Былтыр осы мақсатта 40 миллион теңге жұмсалыпты. Мұны естіген мәжілісмендер назын айтты, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Ұлттық компаниялардың бюджеті ашық болған жағдайда, мысалы, жұмысы өнімді болмай, пандемия кезінде дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен адамдардың өліміне әкеліп соққан "СК Фармация" басшылығы өзіне ондаған миллион теңге сыйақы жазбас еді. Немесе тағы бір мысал, мемлекеттік кәсіпорынның бірі менеджерлерінің фитнеске, спа-салонға баруы үшін салық төлеушілердің қалтасынан 40 млн теңге төлемес еді. Бұл - жай ғана жария болған фактілер", - дейді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Дегенмен тендер мәселесін реттейтін құжатты бірінші оқылымда мақұлдаған депутаттар квазимемлекеттік сектордағы былықтар жойылып, жағдайдың өзгеретініне сенімді.

Өйткені заң нормалары "Самұрық-Қазына" қорының, "Бәйтерек", "ҚазАгро" холдингтерінің ғана емес, сондай-ақ сатып алудың жалпы сомасы жыл сайын шамамен 3 жарым триллион теңгені құрайтын 253 ұлттық компания мен олардың еншілес ұйымдарының қызметін жөнге келтірмек. Десе де, шенеуніктер бұл заңмен әлі де жұмыс істеуі тиіс. Әйтпесе, Нұрлан Нығматулиннің сөзінше, Түркістандағы футбол алаңының бассейнге айналуы сияқты мәселе қайталануы мүмкін.