Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

"Мойын орамалымен қылқындырып..": ажыраспақ болған келіншек өз күйеуінің қолынан қаза тапты

Тимофеев кентінің тұрғыны 21 жастағы әйелінің жоғалып кеткені жөнінде полицияға арызданған. Т

"Мойын орамалымен қылқындырып..": ажыраспақ болған келіншек өз күйеуінің қолынан қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысының тұрғыны әйелін өлтіріп, денесін ауыл шетіне апарып тастаған. 36 жастағы облыс тұрғыны әйелін мойын орамалмен буындырып өлтіріп, денесін ауыл шетіндегі құдыққа тастаған. Оқиға он күн бұрын болған, деп хабарлайды paryz.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Тимофеев кентінің тұрғыны 21 жастағы әйелінің жоғалып кеткені жөнінде полицияға арызданған. Тіпті, өзі іздеу жұмыстарына да атсалысқан. Алайда, ауыл тұрғындары мен полиция қызметкерлері із-түзсіз кеткен келіншекті таба алмады. Күйеуі қылмысын мойындаған соң, мәйітті 8 наурыз күні құдықтан алып шыққан. Осыдан соң күйеуі қамауға алынды. Ал жас отбасының екі жастағы сәбиі әзірге туыстарының үйінде. 

«Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында анықталғаны ерлі-зайыпты жанжалдасып, жас келіншек ажыраспақ болған. Күйеуі оны мойын орамалымен қылқындырып, денесін ауыл шетіне апарып тастаған. Ал анасына киім-кешегін алып төркініне кетіп қалды деген», - дейді Қостанай облысы ПД басшысы Бекет Аймағамбетов.