Австралиялық ерлі-зайыпты ұшақпен алыс сапар кезінде бастарынан өткізген сұмдық жайтпен бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Олардың Венецияға саяхаты нағыз қорқынышты түске айналған.
DailyMail таратқан мәліметке сүйенсек, олардың жанында отырған жолаушы кенеттен көз жұмып, ерлі-зайыпты бірнеше сағат бойы көршілерінің өлі денесінің қасында отыруға мәжбүр болған.
Жолаушының денесін ұшақтың бизнес-класына ауыстыруға тырысқан бортсеріктердің ойлары жүзеге аспаған. Ақыр соңында австралиялық жұптың қасындағы бос орынды байқаған олар мәйітті көрпеге орап, сол жерге жатқызған.
Әуедегі қалған төрт сағатты сапарластарының жансыз денесінің қасында өткізуге мәжбүр болған жұп мұны ешқашан ұмытпаймыз деп отыр.
Жолшыбай ұшақ Доха қаласына қонған соң олар полиция мен дәрігерлер келгенше ұшақтағы жағымсыз көрініске еріксіз куә болғандарын айтты.
«Құтқарушылар келіп, көрпені ашқанда мен ол әйелдің түрін көрдім. Әлі көз алдымнан кетер емес... Сұмдық, - дейді Митчелл Ринг.
Айтуынша, әуе компаниясы тек жолаушылардың жағдайын ойлап қана қоймай, осындай күтпеген жағдайда қызметкерлері қалай әрекет етуі қажеттігін де ойластырулары қажет.
«Бізге көмек ұсынып немесе психологтың кеңесі қажет пе деп ешкім сұраған да жоқ. Бұл сұмдықтан әлі есімді жия алар емеспін», - деді ол.
Венецияға саяхаты жағымсыз әсермен есте қалған жұптың әуе компаниясына өкпелері қара қазандай.
Ал Qatar Airways компаниясы болса, оқиғаны тергеп-тексеру жұмыстары аяқталған австралиялық жұппен байланысқа шығуға уәде берді.