Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

«Тағы бесеу тусам»: Сабина Алтынбекова көпбалалы ана болғысы келетінін айтты

Қазақстандық волейболшы, қазіргі таңда индонезиялық "Yogya Falcons" командасының ойыншысы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Тағы бесеу тусам»: Сабина Алтынбекова көпбалалы ана болғысы келетінін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Спортшы ана болудың шексіз бақыт екендігін, болашақта тағы да сәбилі болғысы келетінін айтып, ағынан жарылды.

"Балалар – шексіз бақыт. Қуана-қуана тағы да 5 бала туғым келеді. Олардың әпкесі секілді көрінуге тырысамын", - деп жазды волейболшы.