Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Дін саласы бойынша қоры 3 500 000 теңгені құрайтын байқау жарияланды

Алматыда Дін саласының өзекті мәселелері бойынша бірнеше номинациялар аясында үздік материалдарға байқау жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Дін саласы бойынша қоры 3 500 000 теңгені құрайтын байқау жарияланды
Фото: Paryz.kz

Оған 16 жастан бастап Алматы қаласында тұратын кез келген адам қатыса алады. Биыл алтыншы рет өткізілгелі отырған дәстүрлі сайыстың жалпы жүлде қоры 3 500 000 теңге. Шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың тапсырысымен «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау» қоғамдық қоры ұйымдастыруда. Байқау материалдары 1 қазан, сағат 00.00-ге дейін [email protected] ресми поштасында қабылданады. Бұл туралы 
17 қазанда Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтылды. Аталмыш жиынға журналистер, бақ сынауға тілек білдірушілер, ұйымдастырушылар қатысты. Онда жарыстың толық шарттары талқыланып, сұрақтар қойылып, егжей-тегжейлі мәліметтер берілді. 

Былтырғы жылы 229 материал өткізіліп, 10 бағытта сайысқа түссе,  биылғы үміткерлер 7 бағыт бойынша бақ сынайды. Әрқайсысына тігілген жүлде мөлшері әртүрлі.

Олар:
Дін тақырыбындағы үздік пікір – 150 000 теңге;
Әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост – 300 000 теңге; 
Үздік мотивациялық сөз және үндеу – 350 000 теңге;
 Интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі үздік мақала – 400 000 теңге;
Интернет-ресурстағы орыс тіліндегі үздік мақала – 400 000 теңге;
  «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик – 600 000 теңге;
 «Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик – 600 000 теңге;
Сондай-ақ халықтың ерекше ықыласына бөленге үздік 10 материалға 70 000 теңгеден ақшалай сыйлық беріледі. 

Бағдаулет Халилуллаұлы, Алматы қаласы Дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бойынша басшысы:
Байқаудың негізгі мақсаты осы дайындалған сайыс материалдары аясында діни экстремизм идеологиясының зияны жайлы бүгінгі қоғамның, оның ішінде өскелең ұрпақтың  біліктілігін жоғарылату. Сонымен бірге халқымыздың рухани әрі дәстүрлі бағыттарын барша қазақстандыққа, әсіресе жастарға түрлі тәсілдермен, яғни мұның ішінде әлеуметтік желілердегі бейне роликтер түсіру, посттар жариялау т.б жолдармен  құндылығын түсіндіру. Мәселен, бейне роликті басқа ағыммен Сирияға барып келген адамның оқиғасынан, оның өз қателігінен сабақ алуынан бастауға болады деген секілді. Қатысушыларға іске сәт дейміз!

Ұйымдастырушылар қатысушылардан байқау шарттарын толық орындауды өтінеді. Олардың айтуынша мәселен, былтырғы жылы бір үміткер жасаған жұмысын тек ресми поштаға ғана жіберіп, өзінің әлеуметтік желісін не телефон нөмірін қалдырмай, нәтижесінде бірінші орынды одан кейінгі тұрған адам иемденген. Сонымен бірге, бұрын жасалған немесе басқа жобаға дайындалған материалдар қатыстырылмайды. Арнайы осы байқау үшін жаңадан істеліп, оған міндетті түрде @din_almaty парақшасы белгіленуі шарт. Бір адамның жеті номинация бойынша қатысуға мүмкіндігі бар, тек бір бағыт бойынша жүлдеге ие болады.

Сайыс материалдары 1 қазан мен  20 қазан аралығында сараланады. Жарыс қорытындысы  2025 жылдың 20 қазаны мен 1 қараша аралығында өтеді деп күтілуде. Назарларыңызға жоғарыда аталған жеті бағыт бойынша толық ережелер мен шарттарды ұсынамыз:
 

1.«Үздік пікір» номинациясы
– Байқауға қатысушылардың пікірі конкурс талаптарына және мазмұнына сәйкес орындалуы тиіс;
–    Instagram және Tiktok әлеуметтік желілеріндегі @din_almaty ресми парақшаларында 2025 жылдың басынан бері зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, сондай-ақ радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы атап өте отырып патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары туралы жарияланған кез-келген посттың тақырыбына сәйкес, мазмұнды және мағыналы 100 сөзден кем емес пікір қалдыру; 
– байқауға қатысушылар Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының Instagram және Tiktok әлеуметтік желілеріндегі @din_almaty ресми парақшасына тіркелуі тиіс;
 – байқауға қатысу үшін бір хабарламамен @din_almaty ресми парақшасында жарияланған посттағы пікірдің скриншотын, посттың сілтемесін №1 қосымшаға сәйкес байқауға қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет.

2. «Әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост» номинациясы:
–    аталған номинация бойынша қатысушылар байқауға қатысушының толтырылған сауалнамасынан (№1 қосымшаға сәйкес) бөлек, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жарияланған авторлық посттың Word құжатындағы нұсқасын, скриншотын және постқа сілтемені ұсынуы әрі қатысушының жеке парақшасы көпшілікке қолжетімді және ашық болуы тиіс;
–    Байқауға қатысушылардың жұмыстары дербес және конкурс талаптарына сәйкес орындалуы тиіс;
–    пост кемінде 100 сөзден тұруы және Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:  зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, сондай-ақ радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы атап өте отырып патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары туралы;
– келіп түскен материалдар осы байқауға қатысу үшін арнайы дайындалуы тиіс. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен басқа да ұйымдардың басқа тапсырыстары бойынша дайындалған материалдар байқауға қатыстырылмайды; 
–    байқауға қатысуға жолданған пост автордың Instagram, Facebooк, Tiktok әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшасында жарияланған болуы тиіс және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty, Алматы дін – религия Алматы ресми аккаунттарын белгілеу қажет;
– авторлық постта «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған» деп атап өту керек;
–    Байқауға қатысушылардың Instagram/Facebook әлеуметтік желілеріндегі оқырман саны 3000-нан кем болмау керек;
–    байқауға қатысу үшін бір хабарламамен word құжатындағы посттың мәтінін, Instagram/TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланымның сілтемесі мен скриншотын №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет; 
 
3.«Үздік мотивациялық сөз және үндеу» номинациясы
–    мотивациялық сөз және үндеу Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:  зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, сондай-ақ радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы атап өте отырып патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары туралы;
–    Байқауға қатысушылардың үндеуі және ұраны конкурс талаптарына сәйкес орындалуы тиіс;
–автордың өзімен оқылған бейнероликте «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған» деп атап өту керек;
–    байқауға қатысуға жолданған үндеу және ұран автордың өзімен мәнерлеп оқылған видео форматта Instagram/TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланған болуы тиіс және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу, сондай-ақ аккаунт соған жазылуы қажет; 
–    байқауға қатысу үшін бір хабарламамен Instagram/TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланымның сілтемесін, бейнероликті, скриншотты, 
№1 қосымшаға сәйкес байқауға қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет;

4. «Интернет-ресурста қазақ тіліндегі үздік мақала» мен
«интернет-ресурста орыс тіліндегі үздік мақала» номинациялары
– жоғарыда аталған поштаға жолданатын мақаланың электрондық нұсқасы Word құжатында жолдануы керек;
–    мақала Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:  зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, сондай-ақ радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы атап өте отырып патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары туралы;
– Байқауға қатысушылардың жұмыстары дербес және конкурс талаптарына сәйкес орындалуы тиіс; 
–    байқауға қатысуға жолданған мақала қазақстандық ақпараттық интернет порталдарда жарияланған болуы тиіс (байқауға қатысуға жіберілетін өтінімге Word құжатынан бөлек мақаланың сайтттағы жарияланған скриншоты мен сілтемесі қосымша ұсынылуы тиіс); 
–    мақалада және сайттағы жарияланған нұсқасында «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған» деп атап өту керек;
–    материал қазақ немесе орыс тілінде болуы тиіс;
–    жұмыс байқау талаптарына сәйкес қазақ немесе орыс тіліндегі интернет порталда жариялануы тиіс;
–    байқауға қатысу үшін бір хабарламамен word құжатындағы мақаланы, интернет порталдағы мақалаларға жарияланымның скриншотын, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын поштаға жіберу қажет;

5. «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясы
–    бейнероликтің ұзақтығы 1 минуттан кем болмауы және 3 минуттан аспауы  тиіс;
–    бейнероликті Instagram әлеуметтік желісіндегі ашық жеке парақшасында жариялау және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу, сондай-ақ аккаунт соған жазылуы қажет;
–    Бейнероликте міндетті түрде «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауына қатысу мақсатында дайындалған» деп белгіленуі тиіс;
–    Бейнероликте міндетті түрде «@din_almaty» аккаунты белгіленіп тұруы тиіс; 
–    Бейнеролик Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:  зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, сондай-ақ радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы атап өте отырып патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары туралы;
–    байқауға қатысушылардың бейнеролигі байқаудың талаптарына сәйкес және өз бетінше орындалуы тиіс;  
–    байқауға қатысу үшін поштаға бір хабарламамен бейнеролик, әлеуметтік желілерде бейнеролик жарияланымының скриншотын, сілтемесін, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын жіберу қажет;
–    барлық қажетті материалдарды [email protected] поштасына                   2025 жылғы 1 қазан сағ. 00.00-ге дейін жіберу керек. 
Ескертпе: «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясына дайындалған бейнеролик «Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясына қатыса алмайды.

6.«Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясы
–    бейнероликтің ұзақтығы 1 минуттан кем болмауы және 3 минуттан аспауы  тиіс;
–    бейнероликті TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялау және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу, сондай-ақ аккаунт соған жазылуы қажет;
–    бейнероликте міндетті түрде «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауына қатысу мақсатында дайындалған» деп белгіленуі тиіс;
–    бейнероликте міндетті түрде «@din_almaty» аккаунты белгіленіп тұруы тиіс; 
–    бейнеролик Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:  зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, сондай-ақ радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы туралы атап өте отырып патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары туралы;
–    байқауға қатысушылардың бейнеролигі байқаудың талаптарына сәйкес және өз бетінше орындалуы тиіс; 
–    байқауға қатысу үшін поштаға бір хабарламамен бейнеролик, әлеуметтік желілерде бейнеролик жарияланымының скриншотын, сілтемесін, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын жіберу қажет;
–    барлық қажетті материалдарды [email protected] поштасына                   2025 жылғы 1 қазан сағ. 00.00-ге дейін жіберу керек.
Ескертпе: «Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясына дайындалған бейнеролик «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясына қатыса алмайды.

7. «Үздік әлеуметтік бейнеролик» номинациясы

–    бейнероликтің регламенті 3 минуттан кем болмауы тиіс;
–    бейнероликті Instagram/Tiktok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялау және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының @din_almaty ресми аккаунтын белгілеу қажет;
–    бейнероликте міндетті түрде «материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған журналистер байқауына қатысу мақсатында дайындалған» деп белгіленуі тиіс;
–    бейнероликте міндетті түрде «@din_almaty» аккаунты белгіленіп тұруы тиіс;
–    бейнеролик Байқау аясындағы келесі тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:  зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы;
–    байқауға қатысушылардың бейнеролигі байқаудың талаптарына сәйкес және өз бетінше орындалуы тиіс;  
–    байқауға қатысу үшін поштаға бір хабарламамен бейнеролик, әлеуметтік желілерде бейнеролик жарияланымының скриншотын, сілтемесін, №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын жіберу қажет;