Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Өмірі көз алдынан өткен шығар»: әкесі туған қызымен билеген жас жігітке қадала қарады

Осыдан бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желіде таралған видео әлі де көпшіліктің күлуіне себеп болып отыр. Туған қызымен билеген жас жігітке бойжеткеннің әкесі қадала қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өмірі көз алдынан өткен шығар»: әкесі туған қызымен билеген жас жігітке қадала қарады
фото: видеодан скриншот

Видео тойлардың бірінде түсірілгенін, жұрттың вальс билеп жүргенін көргенін болады.

Дәл осы тұста туған қызының жас жігітпен билеп жүргенін көрген ер адамның көзқарасы жұрттың күлкісіне себеп болды. Желі қолданушылары видеоға қатысты езу тартып, пікір қалдырды. 

«Жігіттің өмірі көз алдынан өткен шығар», «Әрбір қыз балаға әкесі осылай қорған болсын!», «Бір жағынан өте күлкілі. Әкенің аты әке ғой», «Қызына деген махаббатын тек әкесі ғана түсінеді», «Жігіт те батыл екен», - деп жазды желі қолданушылары.