Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.88°C

«Мұсылмандар дамудың орынына дәрет алуды ермек қылып жүр» — Белгілі актер

Белгілі актер Ерболат Әлқожа өзінің сұхбатында дін туралы сөз қозғап, мұсылман елдерінің артта қалып кеткенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Мұсылмандар дамудың орынына дәрет алуды ермек қылып жүр» — Белгілі актер
фото: әлеуметтік желіден

Актер өзінің ішімдік ішетінін жасырмай, Еуропа елдеріндегі ішу мәдениеті туралы сөз қозғады.

«Әлі де ішімдік ішемін. Осы тұста бір ұзақ әңгіме бар. Біз мұсылманбыз, ислам дінін қабылдағанбыз. Бірақ арақ ішу харам, ол сорлылық пен кедейлікке апарады дейді. Онда неге Еуропа кедей болып кетпейді? Күн сайын вино ішетін Франция, виски ішетін Англия, сыра ішетін Франция неге сорлы болып қалмайды? Осы сөзім үшін мені жек көріп кетсе де айтайын. Бір инновациялық технология ойлап тапқан мұсылман елі бар ма? Ең аяғы бір құлаққап болсын ойлап таппадық қой. Әлі күнге дейін қалай дәрет алу керек екенін үйреніп жүрміз, — деді актер.