Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Мұқағали Мақатаев ішкен кезде неше түрлі өлең шығарған – психотерапевт

Практик-психолог, тектанушы, психотерапевт Мейірім Ерболат ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың арақ ішкен кезде шабыты келгені туралы әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Paryz.kz Sкifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Мұқағали Мақатаев ішкен кезде неше түрлі өлең шығарған – психотерапевт
Коллаж: sn.kz

«Арақты миды өшіру үшін ішеді адамдар. Негізі ол дұрыс. Неге? Өйткені, өзінің шамасы келмейді оның. Ол жан дүниесіне түскісі келеді. Басқа әлемге барғысы келеді. Өзіңіз байқасаңыз басқа әлемге барған кезде адамдардың түрлі қабілеті ашыла бастайды. Бір ораторлық ашылып жатады. Өлең шығарып кетіп жатады. Мысалы, Мұқағали Мақатаев ішімдік ішкен ғой. Сол кезде оның неше түрлі өлеңдері шыққан. Ғашық болған кездегі айта алмаған сезімдері шыққан. Оның бәрі сезім ғой енді», — деді коуч әлеуметтік желідегі парақшасында.