Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.52°C

«Жаным ашып кетті»: Танымал нумеролог Елдос «Колобоктың» қашан сәбилі болатынын болжады

Танымал нумеролог Гүлжан Ким белгілі әзілкеш, блогер Елдос "Колобок" пен оның жұбайының балалы болуына қатысты болжам жасады. Ол жұлдызды жұпты керемет өзгерістер күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Жаным ашып кетті»: Танымал нумеролог Елдос «Колобоктың» қашан сәбилі болатынын болжады
Коллаж: sn.kz

Оның болжамынша Елдос пен оның жұбайы Таңшолпанға екілік пен төрттік деген сандар түскен екен. Бұл олардың балалы болатынының белгісі дейді маман.

«Елдос Колобок пен әйелін танымаймын, бірақ желіде көріп қалдым. Балалы бола алмай жүр екен, сөйтіп жаным ашып кетті. Өзім цифрлық психолог болғандықтан, оларға расчет жасап көрдім. Үйленгендеріне біраз жыл болыпты, бірақ онда балалы болу деген болжам жоқ екен шынымен. Кейде мен өзім қалай біздің программамыз туған күнімізде жазылып тұратынына таңғаламын. Мысалы, Баян Есентаевада 40 жастан кейін жеке өмірінде өзгерістер, тіпті балалы болатынын көрсетіп тұрған еді.

Сонда мен Баян Есентаева балалы болады дегенде ешкім сенбеп еді, бірақ Баян емес, оның күйеуі балалы болады деп, солай көрсетіп тұрғанын айттым. Сол кезде мүмкін баланы Баян емес, суррогат ана босанады деп айтқанда, бәрі: «Ой, қайтесің, араласпа» деп сенбеген еді. Сонда күйеуінің туған күнінде балалы болу шығып тұр, ал Баянда шығып тұрған жоқ. Ал, Елдостың туған күнін қарап, қатты қуанып кеттім.

Себебі, Елдоста төрттік, ал әйелінде екілік шығып тұр. Оған қоса «+16,+11» шығып тұр. Бұл дегеніміз 100 пайыз, тіпті 1000 пайыз олар осы жылы балалы болады деген сөз. Себебі, олардың екеуінің де туған күнінде баланы сүю деген жақсы жаңалық тұр екен. Одан басқа керемет өзгерістер болады. Ақша және басқа да жақтарынан», — деді нумеролог