Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында Астана қаласының бас имамына қатысты жалған ақпарат таратқан такси жүргізушісінің кешірім сұраған видеосын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
"Мен осыдан екі күн бұрын интернет желісіне Астананың бас имамының үйі деп бір видео салған едім. Ол видеоны арам, жаман оймен түсірген жоқ едім. Шындығын айтсам, TikTok-қа саламын деп түсірген едім. Сол үшін бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын. Астананың бас имамынан, сол үйдің иесінен кешірім сұраймын. Мен де үш баланың әкесімін, жалғыз шешем бар. Мұсылман бауырларыңызды кешіріп қойыңыздар. Шу болып кетеді деп ойламадым. Жаман оймен түсірсем видеоны өз парақшама салмайтын едім", - деп кешірім сұраған видео авторы.