Әлеуметтік желіде біраз күннен бері Астананың бас имамының үйі делінген зәулім сарай қызу талқыға түсті. Бұл үй шын мәнінде кімге тиесілі екені белгілі болды, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы бұл үй кімге тиесілі екенін жариялады. Видода Астана тұрғыны Нұрлан Лесбек қызу талқыға түскен үй өзінікі екенін айтады.
"Мен - Нұрлан Лесбекұлы. Соңғы кезде әлеуметтік желіде осы үй бас имамның үйі деп көрсетілген екен. Ол - жалған ақпарат. Бұл үй - менің үйім. Осы үйде 15 жылдан бері тұрып жатырмын, өзім соғып, өзім кіргенмін", - дейді видеодағы ер адам.