Журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай Руслан Өтепбайға берген сұхбат беріп, бірінші некедеге жары болған Ерке Есмахан туралы сөз қозғады, деп жазады Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бағдарлама барысында Ерке Есмаханның бір сұхбатында оның мінезі нашар екенін айтып, қол көтергені жайлы видео көрсетілді.
"Жүкті болған кезімде маған қол көтеретін кездері болды. 9 ай күйзелісте болдым", - деді әнші.
Ал, журналист Асхат Садырьбай өз шындығын айтып, әншіні ұрмағанын жеткізді.
"Жоқ, ұрған жоқпын. Бұл ұзақ әңгіме, оған тоқталғым келмейді. Оның отбасы бар. Ол жайлы ештеңе айтқым келмейді. Оның бұрынғы өткен өмірін қозғап не істейміз? Біздің ажырасуымызға қол көтеру себеп болған жоқ. Біздің баламыз өмірге келді. Келістік, бөлек кететін болып шештік, мен оған тек бақыт тілеп қалдым", - дейді Асхат Садырбай.