Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматы облысында жедел жәрдем шақыртқан ер адам дәрігерлерді ұрып-соққан

"Оқиға орнына келген ЖМК бригадасы 57 жастағы науқастың қайтыс болғанын анықтады. Оның баласы қолына пышақ алып, ашулы күйі дәрігерлерді қорқыта бастаған, марқұмның денесін тасымалдауды талап еткен..." 

Алматы облысында жедел жәрдем шақыртқан ер адам дәрігерлерді ұрып-соққан
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының тұрғыны дәрігерлерге шабуыл жасап, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрып кеткен, деп хабарлады paryz.kz, Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы Еңбекшіқазақ ауданының Саяжай ауылынан келіп түскен шақыртуға барған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты, жедел жәрдем қызметі 15 минут жүріп келген екен.

"Оқиға орнына келген ЖМК бригадасы 57 жастағы науқастың қайтыс болғанын анықтады. Оның баласы қолына пышақ алып, ашулы күйі дәрігерлерді қорқыта бастаған, марқұмның денесін тасымалдауды талап еткен. Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасап, оны ұрып-соққан", - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, мұрынның бітелуі және басқа да зақымдары диагнозы қойылған зардап шеккен жүргізуші ауданаралық көпсалалы ауруханаға жатқызылды.

Мәлім болғандай, аталған факті бойынша арыз қолданыстағы заңнама аясында шаралар қабылдау үшін полицияға жолданған.