Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Мейрамбек Беспаев 1 млрд теңге жымқырды деп айыпталған Болат Мажағұловқа қолдау білдірді

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа қолдау білдірді.

Мейрамбек Беспаев 1 млрд теңге жымқырды деп айыпталған Болат Мажағұловқа қолдау білдірді
фото: әлеуметтік желіден

Айта кетейік, Болат Мажағұлов 2016 жылы Күн фонтанының құрылысы кезінде ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Нысанның ашылуы елорданың бұрынғы президенттің туған күніне орайластырылған. Алайда 2017 жылдан бері субұрқақ жарамсыз күйде тұр.

“Болат бауырымның басына бұлт үйірілгелі біраз болды. Кімнің жолын кесіп, кімнің алдынан көлденең өттің екен?! Жібі түзу дәлелі болмаса да сені әлі сүйреп жүр. Мен білікті басшы, өз ісінің маманы кім десе, сені көрсететін едім. Себебі, сен өнер мен мәдениеттің қарыштап дамуына қомақты үлес қостың. Жалаң аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қыр кешіп жүріп еңбек еттің. Бұл күндер де өтер. Бөке, бір кездері қолтығынан демеп, қасынан табылған өнер адамдары сенімен бірге. Біз бұл істің әділ шешім табатынына сенеміз. Қаратаудай қайғы арқаласа да қайыспайтын ердің ұрпағысың. Мықты бол. Жақсы күнде жадырап отыруды жазсын!”, – деп жазды әнші.