Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«Геннадий Головкин «мафия» құрған»: Желіде адам сенгісіз ақпар тарады

Ресейлік YouTube-арна өкілі Геннадий Головкиннің қызметі туралы ойын білдірді, деп жазады sadaq.kz сайты todayinfo.kz-ке сілтеме жасап. 

«Геннадий Головкин «мафия» құрған»: Желіде адам сенгісіз ақпар тарады
Фото: kzvesti.kz

Ресейлік YouTube-арна «неКАРАтэ» авторы әйгілі қазақстандық боксшы және қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып отырған Геннадий Головкин туралы пікір білдірді.

Автордың айтуынша, Головкин ел спортының дамуына белсенді үлес қосуға дайын.

«Қазақстанда бокстан жұмыс істеп жүрген жалғыз адам – Головкин. Ол бәрін басқарады: басқармада, Олимпиада комитетінде. Қазір Головкин өз адамдарын барлық жерге қояды. Бұл, мүмкін, жаман емес, себебі ол – шынайы спортшы. Менің ойымша, ол спорт үшін жанын салады», – деді арна авторы.

Сонымен қатар, автордың пікірінше, Головкин өз командасын спорттық құрылымдарға қосып, елдегі спорттың дамуына оң ықпал етеді.

«Ол қазір өз «мафиясын» – отбасын барлық жерге енгізіп жатыр. Мафия – бұл отбасы сияқты. Жақсы мағынада айтқанда», – деп қосты ол.