16.03.2021, 10:39

Ақтөбе әкімдігі көпбалалы анаға 2 миллион теңгенің жалған сертификатын табыстаған

фото: видеодан скриншот

Ол Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы атынан көпбалалы анаға көрсетілген көмекті көрсету үшін тапсырылған болып шықты...

Ақтөбеде шенеуніктер көпбалалы анаға 2 миллион теңгенің сертификатын тапсырған. Алайда сыйлықтың құны жоқ болып шыққан. Ірі сомасы қағаздағы жазуда ғана болған. Бұл жайттың мән-жайын "Астана" телеарнасының тілшілері білді, деп хабарлады paryz.kz.

Айсұлу Күздібаева 5 баласын аядай үйде тәрбиелеп отыр. Қалаға оның таяуда келгені айтылады. Алайда жатақханадағы бөлме 14 шаршы метр ғана. Не жөндеуі, не жиһазы жоқ. Оның бұл жағдайын еріктілер біледі. Олар қаражат жинап, бөлмеге жөндеу жұмыстарын жүргізген. Қажеттінің бәрін сатып алып берген. Жөндеу жұмыстары бірнеше апта бұрын аяқталған.

1 наурызда әйел Алғыс күніне арналған шараға шақырылған. Ақтөбе облысының әкімі көпбалалы анаға салтанатты шарада сертификат табыстаған. Бірақ отбасы ақшаны қайдан аларын білмеген.

"Облыс әкімі тапсырды. Екі миллионым бар деп, енді оған сәл ақша қосып, басқа баспана сатып алғым келген. Көршілерім келіп құттықтаған. Сөйтсе, бұл жай ғана қағаз болып шықты", - дейді көңілі қалған Айсұлу.

Шенеуніктер болса, әйелге бұл сертификаттың құны жоғын ескерткенбіз деп отыр. Ол Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы атынан көпбалалы анаға көрсетілген көмекті көрсету үшін тапсырылған болып шықты.

"Жастардан жөндеу жұмысына қанша ақша шығардыңыздар деп сұрадық. Олардың айтуынша, жөндеу жүргізіп, жиһаз сатып алған, жалпы 2 миллиондай шығарған. Көрсетілген көмектің сомасын көрсету үшін Айсұлуға осы сертификатты тапсырдық. Бұған ақша бере ме деп те сұраған. Берілмейтінін түсіндірдік. Бұл сомаға жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтып, осыны көрсеткіміз келді", - дейді Қазақстан халқы ассамблеясы Ақтөбе облыстық филиалы хатшылығының жетекшісі Маржан Қорғанбаева.