Астанадағы «Ырыскелді қажы» атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы телефонмен дәретханаға кіретіндерді сынға алды, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Телефондарыңыздағы азанның дауысын қарапайым музыкаға ауыстыруларыңызды сұраймын. Біз телефонды телефон сияқты қолданбаймыз. Осы отырған бәріміз телефонды алып, бәріміз дәретханаға кіреміз. Ең жақсы жер сол жер ғой өзі. Тып-тыныш отырып, шұқылайсың. Дәретханада оқыған қызық. Оқитын ешнәрсе таппағанның өзінде дәретхана қағазын қолға аласың.
Қала берді иіс шығаратынды оқисың. Қайдан шыққанын, ішінде не барын оқисың. Сөйтіп H2O-ны жаттап аласың. Енді азанның дауысы дәретханада шықса, бұл масқара дүние ғой. Сондықтан азанның дауысын басқа дауысқа ауыстыру керек», - дейді Нұрлан имам Байжігітұлы.