Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы «Самал» бөбекжайынан адам шошырлық видео тарады: онда балаларға берілетін ботқадан бірнеше қоңыз табылған, деп хабарлайды paryz.kz.
Ботқаның ішінде тірі, қоңыр түсті жәндіктер жатыр. Видеоны түсірген әйел ботқаның ішінде қоңыз жүргенін айтады.
«Балаларымызға осындай тамақ беріп жатқаны не сұмдық? Бұл мазақ емес пе? Ұялмай ақшаны көбейтіп отыр, ал біз құрттаған тамақ үшін төлеп жатырмыз ба?», - деп жазған видео авторы.
Ақтөбенің білім басқармасы балабақшада тексеріс басталғанын айтты.
«Қазір білім басқармасы тарапынан қызметтік тексеріс басталды. Тексеру нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады. Барлық ата-аналардан түсіністік танытуды сұраймыз. Тексеру қорытындысы туралы қосымша ақпарат беріледі», - деп хабарлаған білім басқармасы.