Талғардағы отбасыға меценеттар үй алып беретіні хабарланған. Ulysmedia.kz тілшісі Қаржаубай Нұрымовпен сөйлесіп, үй мәселесі қалай реттеліп жатқанын сұрап білді.
Қаржаубай Нұрымовқа меценаттардың қолдауымен баспана алынып жатыр.
Бұған дейін осы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Қаржаубай Нұрымов бұдан хабардар екен. Алайда баспана мәселесін өз күшіммен де шешуге қауқарлымын дейді.
«Бұйырса енді, қазір емес – көшеміз. Ешкімнен үй сұраған жоқпын. “Береміз” дегендер көп. Нақты берген адам жоқ. Өз күшіммен кететін шығармын. Солай айтты (үй алып береміз) деді. Көреміз», – дейді ол.