Блогер, аяқ киім бойынша сарапшы Әлішер Қарақбай бренд аяқ киімнің былығын көрсетті, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Видеода Әлішер Қарақбайға EA7 бренді дүкенінің сатушысы аяқ киімнің табаны бос емес екенін сенімді түрде айтады.
Алайда, блогер аяқ киімді сатып алып, табанын арнайы құрылғымен кескенде, қымбат кроссовканың асты бос екенін, қарапайым картон тұрғанын көрсетті.
«Аяқ киім 104 мың теңге тұрады. Сырты былғары дейді. Бірақ ешқандай да былғары емес. Табаны толығымен бос тұр. Ішінде қатты картон тұр. Су тиетін болса, ылғалданып, мүжіліп кетеді», - дейді Әлішер Қарақбай.